Есеп үлгісін жасау

Есеп үлгісін жасау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Есептер қойыншасын таңдаңыз.
  3. Жаңа есеп үлгісі түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, есеп үлгісін жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, құрастырылған есеп үлгісі консоль ағашының Басқару сервері таңдалған қалтасының құрамына қосылады. Бұл үлгіні есептерді құрастыру және қарау үшін пайдалануға болады.

Басына оралу